Семейлік полицейлері есірткі сатушысын анықтады
Семейлік полицейлері есірткі сатушысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Семей қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткіні өткізу фактісін анықтады.
42 жастағы қала тұрғыны 33 жастағы жергілікті тұрғынға 30 000 теңгеге есірткі сатқан
Жалпы салмағы 121,11 грамм кептірілген марихуананы өткізу үшін дайындағаны анықталды.
Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Өткізушіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.