Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша рейдтер жүргізуде

Петропавл полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс кезінде ювеналдық полицейлердің жұмысы қыза түседі. Бұл кезде кәмелетке толмағандардың бос уақыты артады.

Петропавлдық тәртіп сақшылары жағажайлар мен демалыс орындарында, саябақтар мен кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін жерлерде күшейтілген режимде рейдтер жүргізеді. Бұндай іс-шараларға білім және қамқорлық органдарының өкілдері, жұртшылық өкілдері қатысады. Кешкі рейдтердің бірінде қала тұрғындарынан көп қабатты үйдің ауласында жасөспірімдердің спирттік ішімдіктерді ішу фактісі жайлы қоңырауы келіп түсті. Ақпаратты тексеру кезінде масаң күйдегі 14 жастағы жасөспірім анықталды. Оның ата-анасына қатысты 18 жасқа толмаған тұлғаның қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін хаттама толтырылды.

– Тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізілді, қызметкерлер жасөспірімнің тұрмысын зерделеп, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұдан бөлек, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан балалармен профилактикалық кездесулер, жағажайлар мен белгіленбеген шомылу орындарына рейдтер жүргізіледі. Өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдердің қараусыз жүруіне жол бермеу, жазатайым оқиғалардың қаупін, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың жасалу қаупін барынша төмендету, – деді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Константин Петров

Жалпы жыл басынан қалада ащы су ішкен 40 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнде жүргені үшін 426 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында ата-аналарының еріп-жүруінсіз жүргені үшін көңіл көтеру орындарының 12 иесіне айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру