Семейлік тұрғынды тонамақ болған күдікті ұсталды
Семейлік тұрғынды тонамақ болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жыл басында Орталық ПБ-ға қала тұрғыны жүгініп, 20-25 жас аралығындағы азиялық келбетті бейтаныс жігіт облыс орталығындағы дүкендердің бірінің жанында зорлық-зомбылық қолдану арқылы оның Samsung маркалы телефоны мен әмиянын ашық иемденуге тырысқаны туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала полицейлері күдіктіні анықтады. Ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Полиция қызметкерлері одан пышақты тәркіледі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi.