Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейліктерге қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Семейліктерге қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамгершілік пен этика нормалары бала кезінен қалыптасады, бірақ кейде азаматтар мінез-құлықтың қарапайым ережелерін ұмытып, өздерін әдепсіз ұстайды, балағат сөздер айтады және көшені ластайды. Бұл ретте, осы бұзушылық үшін жауапкершілік көзделгенін ескермейді. Жалпы пайдалану орындарының ластану фактілерін Семей қаласының жедел басқару орталығының камералары да анықтайды.

Тұрғындардың темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастағаны камераға түскен. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық – бұл азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру