Шағын футболдан ІІМ құрамасы Қазақстан чемпионы атанды
Шағын футболдан ІІМ құрамасы Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар арасында өткен шағын футболдан «Qyzmet cup» чемпионаты аяқталды.
Турнирге Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан 16 команда қатысты.
Ширек финалда полиция ведомствосының қызметкерлері ҰҚК-нің «Қалқан» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Жартылай финалда ІІМ құрамасы қызылордалық «Интергаз» командасынан 7:1 есебімен басым түсті.
Супер лиганың финалдық матчы ІІМ мен МКҚ арасында өтті. Кездесуде полицейлер қарсыластарының қақпасына төрт жауапсыз гол соғып, сенімді түрде жеңіске жетті.
суретте Алексей Олейников
суретте Марғұлан Еріков
«Үздік бомбардир» номинациясына полиция капитаны Алексей Олейников лайық деп танылса, полиция майоры Марғұлан Еріков «Үздік ойыншы» атанды.
Айта кетейік, құрама капитаны – ІІМ ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы, полиция майоры Ербол Нұрсұлтанов пен вице-капитан – ІІМ ақпараттандыру және байланыс департаментінің аға инженері, полиция майоры Шалқар Көшеров бастаған ІІМ командасы өз жанкүйерлерін тұрақты түрде қуантып келеді. Бұған дейін команда әуесқой лиганың қысқы және көктемгі біріншіліктерінде топ жарған.