Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде жарты жыл бұрынғы пәтер ұрлығы ашылды

Шахтинскіде жарты жыл бұрынғы пәтер ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілде күні Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол жұмыста болған кезде белгісіз біреу пәтерге кіріп, 97 мың теңге көлеміндегі алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын 272 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

23 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Айғақты заттардың бір бөлігі алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру