Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара су қоймасында кезекті заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Шардара су қоймасында кезекті заңсыз балық аулаушылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізуде. Осындай кезекті тексеру кезінде Жетісай АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау тобының полиция қызметкерлері, “Охотзоопром” өкілдерімен бірлесіп, Шардара су қоймасында балықты заңсыз аулау жайтын анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан Өтір-төбе ауылының жанында су қоймасынан балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Полицейлер браконьерлерден заттай дәлел ретінде екі қап қытай торын, резеңке қайық және 44 келіге жуық балық тәркіледі.

Күдіктілер одан әрі тергеу үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша Жетісай АПБ СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру