Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер абаттандыру жұмыстарын жүргізді

Сарыағаштық полицейлер абаттандыру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте полицейлер де табиғаттың әсемдігі үшін өз үлестерін қосуда.

Мәселен, Сарыағаш АПБ-ның бастығы Аман Бурхановтың бастамасымен аудандық полиция бөлімінде сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты – табиғаттың көркіне көрік беріп, тазалыққа үлес қосып, табиғатты аялау.

Тәртіп сақшылары аудандық полиция бөлімінің ауласын абаттандырды. Оған барлық полицейлер, яғни қатардағы полиция бөлімінің басшы құрамына дейін қатысты. Полицейлер тазалық жұмысын жүргізді. “Бір тал кессең, он тал ек” қағидасын ұстанып, қолдарына күрек алып, талдарға су құйды. Олар аулаға шамамен 65 тал егіп, ұзақ мерзімге арналған 700 гүл отырғызды.

Қаланың көркеюі мен дамуы маңызды саналады. Қоғамның тәртібін қамтамасыз ететін, қиындығы мол саланың мамандары сенбілікке бір кісідей ат салысып, санитарлық тазарту жұмысынан да қалыс қалмайтындықтарын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру