Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жоғары сынып оқушылары арасында спорттық жарыс ұйымдастырды

Түркістандық полицейлер жоғары сынып оқушылары арасында спорттық жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Селтановтың ұйымдастыруымен қаламыздың тәртіп сақшылары “Балалар жылына” орай Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Шараға қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Әшімхан Мырзаханов пен қалалық білім бөлімі, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл арнайы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды отансүйгіштік пен патриотизмге баулып, оларға салауатты өмір салтын насихаттау.

Тағылымы мол кездесу 9,10 сынып оқушылары арасындағы спорттық сайыстармен жалғасын тапты.

– Құрметті жастар, сіздер мемлекет, құқық қорғау органдары тарапынан қорғауда екендіктеріңізді ұмытпаңыздар. Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан білімді, білікті ұрпақ болып шығу сіздердің парыздарыңыз. Алдағы болатын турнирде сіздерге сәттілік тілеймін, – деді Әшімхан Мырзаханов.

Аталған жиында волейбол мен футболдан шағын турнир өтті. Қыздар арасындағы волейбол сайысында екі команда бақ сынаса, ерлер арасындағы футболдан төрт команда қатысты. Жарыста әрбір спортшы өздеріне берілген міндетті зор сеніммен алып шықты.Турнир соңында тәртіп сақшылары жеңіске жеткен командаларға грамота мен спорттық сыйлықтар табыстап, үздік спортшыларды арнайы марапаттады.

Тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырған тәртіп сақшыларына мектеп директоры ерекше алғысын білдірді.

– Осындай үлкен көлемдегі шараны біздің мектебімізде ұйымдастырып жатқандықтарыңызға рақмет. Сіздерге алдағы уақытта қиындығы мол жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді мектеп басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру