Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қонақта отырған әйелдің телефонын танысы иемденіп алған

Түркістан облысында қонақта отырған әйелдің телефонын танысы иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келді. Оның айтуынша, құрбысының үйінде қонақта отырған сәтінде танысы Samsung ұялы телефонын сұрап алып, қайтарып бермеген. Осылайша жәбірленуші әйел 150 мың теңге шығын келген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде, полицейлер күдікті жас келіншекті өз үйінен ұстады. Оның жергілікті тұрғын екені анықталды.

Күдіктіден айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Белгілі болғандай, жәбірленуші құрбысының үйіне қонаққа барған. Сол сәтте құрбыларының танысы оның ұялы телефонын бере тұруын сұрап, телефонды қолына түсірген соң, өзіне иемденіп алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру