Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған балық табылды

ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған балық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 сәуірде ШҚО ПД ППБ қызмет инспекторлары патрульдік іс-шара барысында 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан қытайда жасалған тор, резеңке қайық және ілеспе құжаттары жоқ жеті шортан балығы табылды.

Белгілі болғандай, ер адам балықты Ұлан ауданындағы көлдердің бірінен заңсыз аулаған. Браконьерден заңсыз ауланған балық пен тыйым салынған аулау құралдары тәркіленді.

Балықшыға қатысты полиция қызметкерлерімен санкциясы өнімдер тәркілене отырып, он  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген  ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру