Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада мопед ұрламақ болған күдікті азамат қылмыс үстінде ұсталды

Шардарада мопед ұрламақ болған күдікті азамат қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, ауласында тұрған құны 350 мың теңге болатын мопедін белгісіз біреудің ұрлап бара жатқанын көріп, ұстап алған. Артынан тәртіп сақшыларына мән-жайды хабарлап, күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұраған.

Оқиға орнына дер кезінде жеткен аудандық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол 34 жастағы жергілікті жұмыссыз тұрғын болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта күдікті мас күйде келе жатып, аулада тұрған мопедті көріп, айдап кетпекші болған. Қазіргі таңда ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру