Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлан ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында аудан ауылының 49 жастағы тұрғынынан бірнеше қару түрін тәркіледі. Олар 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8 ұсақ калибрлі мылтық, сондай-ақ 40-тан астам түрлі патрон.

Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарудың сақталу жағдайын анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.

Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру