Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада қаруды заңсыз иеленудің 23 дерегі анықталды

Түркістан полицейлері “Қару-2021” іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда 2021 жылдың 17 мамыр күні мен 17 маусым күндер аралығында республика көлемінде өтіп жатқан “Қару-2021” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шараға байланысты Шардара АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша 23 дерек анықталып, оларға арнайы хаттама түзілді.

Сонымен қатар қала аумағындағы тіркеуде тұрған 566 азаматтан 780-ге жуық қару тексерілді. Шардаралық полицейлер іс-шара барысында қала маңындағы 80-ге жуық қыстақтар мен мал қораларды тексерді. 

Түркістан облысының полиция қызметкерлері барлық облыс тұрғындарына заңсыз тіркелмеген қару алып жүргенге ҚР Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру