Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық полицейлер қайтыс болған әріптестерін еске алды

Түркістан облысының полицейлері қайтыс болған әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының ПБ қызметкерлері қайтыс болған әріптестерін әрдайым еске алып, олардың отбасыларына қолдан келгенше көмек беріп отырады.

Жуырда олар 2017-2020 жылдар аралығында Шардара ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы  лауазымында қызмет атқарған Нұржан Әзімхановтың отбасына барды. Нұржан әріптестерінің есінде өз ісіне адал қызметкер, жанашыр азамат ретінде қалған.

Қайтыс болған полицейдің артында жұбайы мен кәмелетке толмаған ұл-қызы қалды.

Тәртіп сақшылары қаралы отбасыға барып, отбасы мүшелерінің көңіл-күйін біліп, қандай көмек қажет екенін сұрады, сондай-ақ әкелген сыйлықтарын табыс етті. 

Нұржанның ата-анасы мен жұбайы, жақындары оны естерінен шығармай, оның отбасына көңіл бөлген полицейлерге шынайы алғыстарын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдерін, оның отбасыларын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған.

Атап өтер жайт, Түркістан облысының ПД басшылығы қайтыс болған қызметкерлердің ешқайсысын назардан тыс қалдырған емес, олардың отбасыларына полицейлер тарапынан үнемі қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру