Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаруа қожалығы жұмысшысының үйінен заңсыз сақталған мылтық тәркіленді

Ақтөбе облысының полицейлері заңсыз сақталған мылтықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйекте “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер Шалқар ауданындағы шаруа қожалығы жұмысшысының  үйінен заңсыз сақталған мылтықты тәркіледі.

36 жастағы жұмысшының жатын бөлмесінен полиция қызметкерлері “ТОЗ-8” маркалы ойық ұсақ калибрлі мылтық және “ИЖ” 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 11 дана патрон, 12 калибрлі үш гильза тәркіленді. Сонымен қатар, тексеру барысында өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар (көлемі бір сіріңке қорабы) газет орамы табылды. Сараптама тағайындалды.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісі негізінде ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі аруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру