Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік көлікті есепке қоямын деп азаматқа жалған уәде берген ШҚО тұрғыны анықталды

Абай облысында Жетісу облысы тұрғынына шетелдік автокөлікті есепке қоюға жалған уәде берген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, қаскүнем көрші облыстың тұрғынына ресейлік нөмірлі Volvo көлігін есепке қоюға уәде берген. Бұл “қызметі” үшін ол жәбірленушіден 2,5 млн теңге сұраған. Келісілген ақшаны алғаннан кейін күдікті азамат байланысты үзген.

Полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы алаяқтыққа қатысы бар азаматты анықтады. Ол Шығыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Полиция облыс тұрғындары мен азаматтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру