Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Ұлытау облыстық полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін облыстық полиция департаментінде полицияның жеке құрамымен тәрбие жұмысын арттыру мәселелеріне арналған тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің нұсқауларына сәйкес, 2024 жылды Кадрлар сапасын жақсарту жылы деп айқындауға орайластырылды. Отырысқа полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиев, аумақтық полиция бөліністерінің басшылары және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шараның барлық қатысушылары полиция ұжымы ішіндегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелерді белсенді талқылады. Полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен моральдық-психологиялық жағдайын жақсартудағы ардагерлердің рөліне ерекше назар аударылды. Ардагерлер жас кадрларды қолдау және оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Полиция департаментінің басшысы қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін, алғысын білдіріп полицияның кадрлық құрамының сапасын арттыру – ортақ мақсатқа қол жеткізудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ардагерлердің ұсынылған идеялары мен ұсынымдарын іске асыру қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп органдары ішіндегі бірлікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Жиын өткен 2023 жылы Ұлытау облысы полиция департаментінің полиция қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсеткен ардагерлерімізді және жас мамандарымызды марапаттау рәсімімен жалғасына тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру