Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған семейлік жарты млн теңгеге алданып қалды

Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған семейлік жарты млн теңгеге алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың тамыз айында бейтаныс адам өзін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы Toyota Estima автокөлік құралын РФ есебінен Қазақстандық есепке рәсімдеп, құжаттарын дайындап беремін деп ірі көлемде қаражатын иемденіп кеткенін хабарлайды.

Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаланың 38 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Анықтау барысында ол кінәсін мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру