Щучинск тұрғынын пышақпен қорқытып, несие рәсімдеткен күдікті ұсталды
Щучинск тұрғынын пышақпен қорқытып, несие рәсімдеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусымда Бурабай АПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны бопсалау фактісі туралы хабарлады. Алдын ала тергеу барысында Бурабай кентінде бейтаныс жас жігіт пышақпен қорқытып, жәбірленушінің телефонын қолданып, интернет-дүкеннің қосымшасы арқылы өтініш берушінің атына 170 мың теңге сомасында ұялы телефон несиесін ресімдегені анықталды.
Жәбірленушіден егжей-тегжейлі сұрастырып және барлық мән-жайларды нақтылап, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Тәртіп сақшылары бір сағат ішінде Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан пышақ пен жәбірленушінің жеке куәлігі тәркіленді.
Аталған факті бойынша Бурабай аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Бопсалаушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.