Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғыннан 77 қағаз бума есірткі тәркіленді

Павлодарлық тұрғыннан 77 қағаз бума есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора 2022” жедел алдын алу операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында сөмкеден өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар 77 қағаз бума табылып, тәркіленді.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге берілген заттар салмағы 30 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру