Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік жүргізген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында мас күйде көлік жүргізген ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы кезінде орын алатын оқыс оқиғаларды болдырмас үшін рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Осындай шара кезінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарыбұлақ ауылында қызмет атқару барысында, Nexia көлігін тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның 2018 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жауапқа тартылып, бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары оның масаң халде екендігіне күмән келтіріп, сот медициналық куәландыруға жіберді. Нәтижесінде, оның мас күйде екендігі анықталды. Полицейлер жүргізуші ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкагольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немсе көлік құралын осындай адамның басқаруына беру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда жүргізуші қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру