ШҚО-да 5 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды
ШҚО-да 5 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шетелдіктердің тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.
– 5 шілдеде Көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады, олар сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіру 5 жыл мерзімге жабық, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Максим Пупков.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.
Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.