Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әйелдер колониясының қызметкерлері донорлыққа қан тапсырды

ШҚО-да әйелдер колониясының қызметкерлері донорлыққа қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/21 мекемесінің қызметкерлері «Донор болу – игі іс» атты акциясын өткізіп, донорлыққа қан тапсырды.

– Біз шұғыл түрде қан құюға мұқтаж адамдарға көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Тапсырған донорлық қан көптеген адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға көмектеседі деген үміттенеміз, – дейді мекеменің бақылаушылар қызмет бөлімінің бастығы Гүлнәз Балтабаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру