ШҚО-да дүкен қызметкерлері бір жыл бойы жалған тауарлар сатқан
ШҚО-да дүкен қызметкерлері бір жыл бойы жалған тауарлар сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамырда Катонқарағай аудандық ПБ кезекші бөліміне ЖШС өкілдерінің бірінен тұрмыстық техника дүкенінің 23 және 27 жастағы қызметкерлеріне қатысты шара қолдануды сұраған қатынас қағаз түскен.
Жәбірленушінің айтуынша, супервайзер сатушымен бірлесе отырып, өткен жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейінгі аралықта тауарға сатылу қағазын толтырып, тауарларды жалған сатқан, бірақ дүкеннің кассасына ақша түспеген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 6,9 млн теңгеден артық.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, оларға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігімен (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.