ШҚО-да ер адам тұрғынның гаражынан көлік айдап кеткен
Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусымда Ұлан ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол белгісіз біреулер гараждан күйеуінің автокөлігін ұрлап, 6 миллион теңгеге жуық шығын келтіргенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні тауып, «ізін суытпай» ұстады. Ол бұрын сотталған 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.