Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Қазақстандықтар 2,5 млн теңге тұратын алтын әшекейлерін шетелдік алаяққа беріп қойды

Қазақстандықтар 2,5 млн теңге тұратын алтын әшекейлерін шетелдік алаяққа берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай АПБ-на зергерлік бұйымдарды сатушы әйел алтын әшекейлерінің ұрланғаны туралы арызданған. Ол өз шағымында қаладағы базарлардың бірінде зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатынын, ол жерде белгісіз біреу оның сеніміне кіріп, құны 800 мың теңгеден асатын алтын әшекейлерін иемденіп алғанын айтты. Жалған сатып алушы көп ойланбастан қымбат бұйымдарды таңдап, сатып алмас бұрын жақын маңдағы ломбардтан олардың түпнұсқалығын тексергісі келетініне сендіріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеп, жедел іздестіру шаралын жүргізді. Нәтижесінде, бейнебақылау камераларын тексеру барысында күдіктінің жеке басы анықталды.

Сондай-ақ, оның Түркістан облысында да осындай қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Ер адам Сарыағаштық кәсіпкерге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.

Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтың мекен-жайын анықтап, құрықтау мақсатында елдің басқа аймақтарындағы әріптестеріне хабар берді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, оны Петропавл қаласында ұстады. Ол 44 жастағы Әзірбайжан Республикасының азаматы болып шықты. Қазіргі таңда қамауда. Іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру