Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам түрмеге телефонды шырын қорабына салып кіргізбек болды

Шығыс Қазақстанда ер адам түрмеге телефонды шырын қорабына салып кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/3 орташа қауіпсіздік колониясының қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекемеге жеткізу әрекеттерін тоқтатты. Ер адамдар “сәлемдемелерді” қоршау арқылы мекеме аумағына өткізбек болған.

Сонымен, колония қызметкерлері мен Ұлттық ұлан 6699 әскери қызметкерлері бей уақытта іргелес аумақты патрульдеу кезінде қызметкерлерді көргенде қадамын жылдамдатып, қашып кетпек болған күдікті адамды байқады. Бұл кезде ер адам бас киіммен бетін жасырмақ болған екен.

Түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы скотчпен оралған үш орамды лақтыруға әрекеттенген күдікті азамат анықталып, құрықталды. 42 жастағы ер адамнан скотчпен тығыз оралған үш түйіншек табылды. Ішінде жеті ұялы телефон, SIM-карталар және басқа да аксессуарлар болған. Бұл ретте колония қызметкерлері пакеттен Wi-Fi үшін роутер тауып алған. Осымен қоса, “сәлемдемеде” 50-ге жуық трамадол табылды. Тыйым салынған зат сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ, сол тәулікте ОВ-156/3 колониясының қасында орналасқан Түзеу қызметі басқармасының қызметкері осындай кеш уақытта қақпанын қасында терезеден ер адамды байқады.

Ақпаратты жедел уәкілдерге жеткізген олар курьерді ұстап үлгерді. Анықталғандай, 42 жастағы ер адам түн ортасында босқа жүрмеген – ол алкогольді ішімдікті пластик бөтелкелерімен лақтырмақ болған.

Сонымен қатар, сотталғанмен қысқа кездесуде келген “жанашыр” досы телефонды скотчқа орап, шырын қорабына салып өткізбек болған. Колония қызметкерлері келушіні жеке тінту кезінде “тыйымды” таба алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру