Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық жедел уәкілдер тұрғыннан тіркелмеген мылтық тәркіледі

Ақмолалық жедел уәкілдер тұрғыннан тіркелмеген мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 маусымда тексеріс жұмыстары барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері Ақкөл ауданының 40 жастағы тұрғынынан тіркелмеген “ТОЗ-63” 16 калибрлі мылтықты тәркіледі. Тәркіленген тіркелмеген тегіс ұңғылы, екі ұңғылы аңшылық мылтықты қазіргі уақытта көрші мемлекеттің аумағында тұратын оның бұрынғы иесі 2008 жылы жоғалтып алғаны анықталды. Ер адамның айтуы бойынша, ол мылтықты жұмыс барысында даладан тауып алған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша одан әрі шаралар қабылдау туралы шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары қару иелерінен заң талаптарын білуді және қатаң сақтауды сұрайды: қаруды белгіленген параметрлерге сәйкес сейфтерде сақтау керек. Бөтен заттарды сейфте ұстауға болмайды.

Қалаларда тұратын иелер дабыл орнатулары қажет. Сонымен қатар, бес жылда бір рет қаруға рұқсатты қайта ресімдеу қажет. Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарлау керек.

Тәртіп сақшылары 2000-нан астам патронды сақтауға тыйым салынатынын еске салады. 500-ге дейін патрондар санын қару-жарақпен бір сейфте, 500-ден 2000-ға дейін тек жеке сейфте ұстауға болады (дабылмен-қала тұрғындары үшін).

Бұдан басқа, ІІО-ын міндетті хабардар еткеннен кейін орталықтандырылған сақтау құқығына рұқсаты бар субъектілерге қару-жарақ бөлмелерінде қару мен оның патрондарын сақтауға жол беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру