Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Қызылордада бірнеше ұрлыққа қатысы бар бұрын сотталған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Өзінің арызында 7 маусым күні сағат 15:40 шамасында қала орталығындағы ірі сауда үйінің алдында тұрған FUL велосипедін белгісіз адамның ұрлап кетіп, оқиға орнынан қашып кеткендігін көрсеткен.

Бұдан бөлек, сол күні Полиция басқармасының жедел 102 арнасына сауда үйінің саудагері және қала тұрғыны арыз берген. Күдіктелген азамат сөреде сатылымда тұрған тұрмыстық заттарын және көпқабатты үйдің алдында тұрған LAUX үлгісіндегі велосипедін ұрлап кеткен.

Полицейлер “ізін суытпай” бұрын сотты болған 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл азаматтан айғақ зат ретінде ұрланған велосипедтер және тұрмыстық заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы 3 – бөлігінің 3- тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру