Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да катаң режимді колония қызметкері өзінің өнер туындысын тарту етті

Семей қаласындағы ОВ-156/14 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға маман теологы Әсет Смаилов өзінің 12 ай салған өнер туындысын Семей қаласы №17 орта мектептің балаларына тарту етіп, осы мектептің бейнелеу өнерін сүйетін 4-сынып оқушысы Адия Серікбаймен мастер-класс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала кезінен сурет салуды ұнататын Әсет, қазір құқық қорғау органдарындағы қызметінде жүріп, бос уақытында өзінің сүйікті ісіне уақыт таба біледі. Көп балалы жанұяда ол үшінші бала. Анасының баулуымен бейнелеу өнерін үйренген Әсет Семей қаласының құқық және бизнес колледжін үздік тамамдап, Отан алдындағы қызметін № 31775 әскери бөлімінде өтеп, 2010 жылдан Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып келеді. Бұдан бұрын да Семей қаласының бала бақшалары мен мектептеріне спорттық іс-шараларға демеушілік ретінде өз туындыларын сыйлауды әдетке айналдырған ол, осы жолы қолының икемі бар жеткіншекке өз өнерінің біраз қырларын көрсетуді ойластырып, мектеп әкімшілігімен ақылдасып, мастер класс өткізуді шешкен.

– Менің туындыларымның көбі арнайы тапсырмамен немесе тапсырыспен орындалатынын жасырмаймын, десе де шабыттанған уақыттарда өзі туған суреттерім мен портреттер аз емес. Туындыларымды мен өзім сақтап, жинамаймын, оларды басқаларға сыйлап, басқалардың қуанғанын көргенді ұнатамын.  Картиналарымды тек сурет салуға арналған кенепті кескіндемеде орындаймын. Кенепке түсірілген суреттің бояуы да көп уақыт өңін бермейді, сапасы да жақсы болады, – дейді Әсет.

– Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқару өте ауыр екендігін ескерсек, соған қарамастан өзінің сүйікті ісінен қол үзбей жалғастырып келе жатқан және өнерімен бөлісуге дайын қызметкердің өнер жолы – жас буынға үлкен өнеге. Мастер классқа қатысушы 4-сынып оқушысы Адия Серікбай мектепаралық бейнелеу өнері сайыстарының жеңімпазы, бұрын соңды мастер класстарға қатысып көрмегендіктен өзінің алған әсерін жасыра алмай осындай берілген мүмкіндікке ризашылығын білдіріп отыр. Мектеп әкімшілігі атынан мен де мекеме әкімшілігіне ризашылығымды білдіремін. Бұл іс-шараның болашақ жеткіншектерімізге берер тәлімі өте жоғары. Эстетикалық, еңбексүйгіштік, өнерсүйгіштік тәрбие беру барлық бағытта бүгінгі сабақта қамтылды, – дейді мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Ақмарал Нуркубаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру