ШҚО-да LED-экрандардан интернет-алаяқтық туралы ақпарат көрсетіліп жатыр
ШҚО-да LED-экрандардан интернет-алаяқтық туралы ақпарат көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түсіндірме ақпарат облыс орталығындағы 20-дан астам LED-экран арқылы халық көп баратын орындарда көрсетіліп жатыр.
Осылайша, тұрғындардың назарын интернеттегі алаяқтық сияқты мәселеге аударуға және алданбауға мүмкіндігінше ескерту жасауға мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға шақырады: ешкімге ақша аудармаңыз, ешбір жағдайда бөгде қосымшаларды орнатпаңыз немесе күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Өзіңізді жалған инвестициялық схемаларға тартуға жол бермеңіз, егер сізге туысқаныңыз қиыншылықта екенін айтса, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз және бұл алаяқтық емес екеніне көз жеткізіңіз.
Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда “102” арнасына дереу хабарласуға шақырамыз.