ШҚО-да мекеме қызметкерлері «Ниет» қайырымдылық қорымен бірлесіп, көп балалы отбасыға азық-түлік апарды
Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері «Ниет» қайырымдылық қорымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, аз қамтылған отбасылардың балаларын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметкерлер балаларға жеке келіп, сыйлықтар мен тәттілерді әкелді.
Осы кезеңде Қор өзінің «Азық-түлік себеті» атты бағдарламасын іске асыруға байланысты, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Пандемия кезінде көптеген отбасылар жұмыссыз қалды, ОВ-156/16 мекемесінің қамқорлығындағы отбасыларына да оңай соқпады, олар да қиын жағдайда қалды. Осы қиын уақытта Семей қаласының «Ниет» қайырымдылық қоры, мекеме басшылығына осы өмір кезеңдегі қиындықтарымен жалғыз қалған адамдарға көмек көрсету туралы өтініш жасады.
Жеті баланың анасы Әлия карантинге байланысты жұмысынан айрылды, ол сауда үйінде еден жуушы болып жұмыс істеген. Әлия – көп балалы ана және балаларды жалғыз өзі тәрбиелейді, оның күйеуі бір жыл бұрын қайтыс болған, ол қатты ауырып қатерлі ісіктен көз жұмған. Аталған отбасының жәрдемақысының негізгі бөлігі жалдамалы тұрғын үйге кетеді, сондықтан балаларға тәттілер мен жеміс-жидектер, тек үлкен мейрамдарда ғана сатып алынады.
- Бірінші кезеңде олардың сұраған нәрселері күріш «күн сайын палау жасау үшін көп күріш қажет»- дейді Әлия. Палау бізде күнде. Әлияның отбасына 30 мың теңгеге азық-түлік себеті сатып алынды. – Мен әрқашан балалар жақсы көретін нәрсені сатып ала алмаймын. Ал мұнда бізге қажетті өнімдерден басқа тәттілер мен жемістер сатып алыныпты.
ОВ-156/16 мекемесі алдағы уақытта мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін Семей қаласының қайырымдылық қорларымен тығыз қарым-қатынас жасауды жоспарлап отыр.