Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мекеме қызметкерлерінің әулеттері арасында көркемөнерпаздар байқауы өтті

Шығыс Қазақстан облысында отбасы күніне орай онлайн форматта мекеме қызметкерлерінің әулеттері арасында көркемөнерпаздар байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы күніне орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінде екі полиция династиясының қатысуымен көркемөнерпаздар байқауы өтті. Бұл сайыстағы және әсерлі болған факт, ол бұл әулеттердің алғашқы екпіні бір елді мекенде қызмет еткен болып шықты. Жарма ауданы ШҚО Жаңғыз төбе ауылындағы үш колониясында  қызмет еткен олар бір-бірін танитын және өте жақын достық қарым қатынаста болған жандар. Ән сүйер Әулет мүшелері ұсынылған сайысқа қуана қуана қатысты, өз репертуарларын жаңартып, оны патриоттық тақырыптағы өлеңдермен толықтырды.

Ернұр Саурыков –  тәрбие бөлімінің соталғандарды еңбекпен тұрмыстық қамту бойынша инспекторы, 25 жыл құқық қорғау органдарында қызмет жасап құрметті еңбек демалысына ОВ-156/18 мекемесінен мекеме бастығының тәрбие жұмысы орынбасары лауазымынан зейнетке шыққан отставкадағы подполковник Ферхат Санакович Саурыковтың ұлы. Ернұрдың Анасы ОВ-156/17 мекемесінде  медицина бөлімінде медбике болып жұмыс атқарған. Ернұрдың өте талантты Нұрсұлу деген жары бар, ол Бекайдар есімді ұлдарын отансүйгіштік негізде тәрбие беруде, себебі  дүниетанымның ең мықты негізі отбасында қаланады. Бүгінгі сайыста әулет Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнін айтты.

Екінші  сайыскер – Смагуловтар әулеті, олар бүгін А.Новикованың «Смуглянка» әнін орындады, бұл әнді олар отбасымен тыңдауды ұнатса да, бір рет те бірге айтып көрмепті. Отбасының отағасы құқық қорғау органдарында 25 жыл қызмет атқарып, құрметті еңбек демалысына ОВ-156/18 мекемесінен тәртіп бөлімінің бастығы лауазымынан шыққан Алтынхан Манапович, мұндай нәзікті талап ететін мәселелерді жұбайы Жанар Тлеубаевнаға сеніп тапсырады, ол кісі де ҚАЖ зейнеткері, отставкадағы прапорщик, бұрынғы қарауыл бастығы. 2-сыныптық ауылдық музыкалық білімі бар Жанар Тлеубаевна, домбырада, гитарада, пианинода ойнайды, жиі отбасымен концерттерге, мұражайларға барып, аз қамтылған отбасыларға көмектеседі. Осындай кішкентай қадамдармен Жанар отбасындағы ұлы жеке тұлғалардың қалыптасуына ат салысып келеді. Полиция әулетінің екінші ұрпағы Бекзат  – құқық қорғау органдарының қатардағы қызметкері, өз ұжымының барлық іс-шараларына белсене қатысады.

– Аталмыш іс-шара ҚАЖ қызметкерлерінің бойында жоғары патриоттық сана сезімді, Отанға деген адалдықты, өзінің Отанын және Отбасын қорғау сезімдерін дамытуға бағытталған. Отбасы күні қарсаңында – карантин шараларын сақтай отырып, Біз мұндай тамаша аталмыш шараларды онлайн форматта өткіздік. Маған жетекші ретінде екі әулеттің де жанды елжірететін әндерімен қоса, Мереке қарсаңындағы ықыласты бағыттары, көңіл-күйлері ұнады. Аталмыш шараға қатысқан ҚАЖ зейнеткерлеріне жеке алғысымды білдіремін, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.

Бірінші жүлделі орынға Саурыковтар әулеті ие болып, мекеме бастығы сайыскерлерге сыйлықтар беріп, мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, әр отбасының отанасы да сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру