Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы: балалардың қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда

Маңғыстау облысының аумағында екі кезеңдік “Абайлаңыз-балалар!” атты Республикалық деңгейдегі жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында, Маңғыстау облысының аумағында екі кезеңдік “Абайлаңыз балалар” атты Республикалық деңгейдегі жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді: дайындық кезеңі (ағымдағы жылғы 23-31 тамыз аралығында) және негізгі кезеңі (ағымдағы жылғы 1-9 қыркүйек аралығында).

Облыс көлемінде барлығы 169 мектеп орналасқан. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары мен оған іргелес аумақтарға жол қозғалысын ұйымдастырудың 146 техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырды. Кемшіліктерді жою бойынша атқарушы органдарға барлығы 104 нұсқама жолданды. Іс-шара аясында облыс көлемінде қосымша 137 жол белгісі ауыстырылып, 61 жаяу жүргінші өтпесі боялып, 49 жасанды кедергілер орнатылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның екінші кезеңін өткізу кезінде бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ:
– Мектептерде жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында профилактикалық сабақтар мен дәрістер, оның ішінде балалардың қатысуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысында, “Үздік мұғалім”, “Жол жүрісі қозғалысының ең үздік сыныбы”, “Ең үздік мектеп” атты конкурстар өткізілді.

Көлік құралдарындағы жолаушы-балалардың қатысуымен болатын ЖКО профилактикасы және ескерту мақсатында “Сіздің жолаушыңыз – бала!” профилактикалық акциясы өткізілді. Автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармаларын үлестіре отырып, “Қымбатты жолдас – жүргізуші!” насихат акциясы өткізілді.

Мектептерді, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарын қосқанда полиция қызметкерлері ата-аналар, ұстаздар және оқушылармен барлығы бес мыңнан астам әңгімелер жүргізіп, дәрістер мен сөз сөйлеулер өткізді.

– Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелеріне сай балалардың қатысуымен 682 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде балаларды тасымалдау қағидаларын бұзған 124 автокөлік жүргізушісі анықталды. Облыста іс-шара өткізілген күндер аралығында балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. Мектеп аумақтарында күнделікті полицейлердің жасағы қойылып, олар мектеп аумағындағы тәртіпті қадағалайды, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бактыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру