Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Учаске” шарасы өтуде

Қызылордада “Учаске” шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полицейлері “Учаске” профилактикалық іс-шарасы аясында күндіз-түні аумақтарда рейдтік жұмыстарын жүргізуде.

7 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында белгісіз азамат қала орталығында орналасқан сауда дүкенінде сөреде тұрған “Jake Daniels”, “Jameson Williams” қымбат ішімдіктерін ұрлап кеткен.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында сақшылар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жан-жақты іздестіріп, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексерді. Қызылорда қалалық полицейлердің кәсіби шеберлігі нәтиже беріп, осы іске қатысты күдікті ретінде 44 жастағы қала тұрғыны анықталды. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру