Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өткен жәрмеңкеге әйелдер колониясында жасалған бұйымдар қойылды

Шығыс Қазақстан облысында әйелдер колониясының бұйымдары бойынша жәрмеңке өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған әйелдердің қолымен жасалған бұйымдары Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы жәрмеңкеге қойылды. Көрмеде әртүрлі тауарлар, ағаш және металл бұйымдары, зығыр мата, аяқ киім, соның ішінде арнайы киімдер, жаңа піскен нан өнімдері мен жартылай фабрикаттар ұсынылды.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары өзіне қажеттінің бәрін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. ОВ-156/21 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің қолымен дайындалған бұйымдар мен түрлі сала қызметкерлеріне, наубайхана қызметкерлеріне, сонымен қатар «АБМ» жеке кәсіпкеріне арнап шығарған бұйымдары ұсынды. Өндірілген өнімдер үлкен сұранысқа ие болды. Қолжетімді бағамен сатып алынған тауарлар тұрғындардың көңілінен шықты.

– Осындай көрмелердің өткізілуі мекеменің өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді, – деді мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру