Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция, педагогтер мен қоғам өкілдері есірткіге қарсы күресте күш біріктірді

ШҚО-да полиция, педагогтер мен қоғам өкілдері есірткіге қарсы күресте күш біріктірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған республикалық айлық аясында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағатбек Малтүгелов, ШҚО ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Әлия Көңілхан, “Respublica” партиясының өкілдері, сондай-ақ мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында есірткі тұтынудың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық қорғау органдары, қоғам өкілдері мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру мен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмысына белсенді қатысқаны, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және есірткіге қарсы профилактикалық жұмысты жүргізгені үшін педагогтер мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінен алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру