Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция қызметкерлерінің балаларына жаңажылдық мереке ұйымдастырылды

ШҚО-да полиция қызметкерлерінің балаларына жаңажылдық мереке ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің балалары айдаһар мен мысық жылы символдары арасындағы жарыспен өткен “Айдаһар Мысық жылы” атты квест-шоуға қатысты.

Жыл сайын дәстүр бойынша тәртіп сақшылары балалардың жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шарасын өткізеді. Биылғы жылы да сол дәстүр жалғасын тапты. Облыс орталығы кинотеатрының фойесінде жарқын супер қаһармандар, көздің жауын алатын ұлпа қарлар және басқа да ертегі кейіпкерлері көп болды. Мерекелік бағдарлама – қимыл ойындары, көңілді конкурстар мен билер балаларды қуанышқа бөледі.

Жас қонақтарды ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков пен ІІО және ҰГ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев құттықтады.

– Әлемдегі ғажайыпқа толы мереке жақындап келеді, ол балалар мен ересектердің жүрегін ерекше жылулыққа толтырады. Өйткені, тіпті біз, ересектер кейде ғажайыптарға сенеміз. 2024 жыл бақыт әкеліп, барлық тілектерің орындала берсін, – деді облыс полициясының басшысы.

Жарқын, эмоцияға толы және көңілді қойылым би флешмобымен жалғасты, іс-шара соңында балалар кинотеатрдың үлкен экранында мультфильм көрді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру