ШҚО-да пробация қызметкерлері көркемсөз оқу байқауын өткізді
ШҚО-да пробация қызметкерлері «Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде қазіргі уақытта 170-ке жуық сотталған есепте тұр, оның 20-ға жуығы әйелдер.
Негізінен олар ұялы телефондарды ұрлау, тонау, алаяқтық бойынша есепте тұр. Есепке тұрған сотталушылар арасында пробация қызметі инспекторларымен «Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Бұл байқаудың басты мақсаты – сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу, Елорданың нышанымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Астананы көшіру туралы» Жарлығымен, оның мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, қазіргі заманғы келбеті мен жетістіктерімен таныстыру, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның жетістіктері сотталушылардың бойында патриоттық сезімді, елге және адамдарға деген құрмет сезімін ояту, сүйіспеншілікті нығайту және Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Олар өз композициясы бойынша, кейбірі – парақтан, біреуі – есте сақталған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
– Сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуы – пробация қызметі жоспарлаған, Елорда күніне орайластырылған көптеген тәрбиелік шаралардың бірі, – деді Семей қаласы Әуезов ауданық ПҚ бастығының орынбасары Эрик Усербаев.