ШҚО-да пробация қызметкерлері сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату үшін емдеуге жолдап жатыр
ШҚО-да пробация қызметкерлері сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату үшін емдеуге жолдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.
– Сондай сотталғандар қатарында А. есімді азамат та бар. 2020 жылдың қыркүйек айында абайсызда жолдасын пышақтап алғандықтан, қазіргі уақытта ҚР ҚК 106-бабы 1-тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, әрі өзі жалғыз тұрғандықтан тағдырдың ауыр сынына төзбей ішімдікке одан бетер салынып кеткен. Пробация қызметкерлері сотталған азаматқа қол ұшын созып, аталған азаматты толықтай медициналық тексеруден өткізіп, ШҚО бойынша облыстық наркология диспансеріне емделуге жатқызды. Сонымен қатар, дәл осы жағдайдағы азамат К.-ға да жәрдемдесіп, қазіргі уақытта наркологиялық емделуге қызметкерлердің бақылауымен бірге барлық талдауға қаржылай көмек көрсетіліп, сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату мақсатында емдеудің толық курсын стационарды түрде жүргізіп жатыр. Сотталғандардың туыстары пробация қызметкерлеріне алғысын білдіріп жатыр, – деді пробация аға инспекторы Алуа Камитова.