Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматшаға мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Түркістан облысы Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматшаға мәжбүрлі еңбек тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәжбүрлі еңбекке тарту ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады.

Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Осындай жаза түріне сотты болғанның бірі Түркістан облысы Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын Александра есімді сотталған Арыс аудандық сотының үкімімен ҚР-ның ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

– Сотталған Александра есімді азаматшаны 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Арыс қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы “Қызмет-сервис-Арыс” ЖШС-не жіберілді, қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін, қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды тағыда басқа еңбек етіп жазасын өтейді. Мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң “Қызмет-сервис-Арыс” ЖШС мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы туралы кесте түзіп, қалалық пробация қызметіне жазбаша түрде хабарлайды, – дейді Арыс қалалық ПҚ бөлімінің инспекторы Е.Бекжігіт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру