Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да пробацияда есепте тұрған сотталғандар Үлбі жағасын қоқыстан тазалады

Өскемен қаласында пробация қызметкерлері «Экологиялық десант» іс-шарасын өткізді, – деп  хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар, сондай-ақ «Антарес А» қоғамдық қорының қызметкерлері, экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандардың қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуда экологиялық бастамаларын қалыптастыру, жастарды қаланың пайдалы қоғамдық өміріне тарту. Экологиялық тәрбие әлеуметтік тәрбиемен, біліммен, оқумен, өзін-өзі тәрбиелеумен тығыз байланысты және экологиялық жауапкершілікті және өзін-өзі бақылау, табиғи ортадағы іс-әрекеттерінің жақын және алыс нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сыни көзқарас, экологиялық құндылықтар мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Үлбі жағасында қоқыс жинау процесінде бір кездері заң бұзған жастар қаланың игілігі үшін белсенді әрекет етіп, 100 қап қоқыс жинады. Сотталғандар бұл іс шараға белсенді қатысты.

– Енді темекі қалдығын тастамас бұрын мен қалай тазалағаным туралы ойланамын және есімде болады, – дейді сотталғандар.

Бұл өз кезегінде «Антарес А» ҚҚ «экологиялық десантының» бастамашылары қойған мақсатқа қол жеткізілгендігінің көрсеткіші. «Экологиялық десант» іс-шарасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының «бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешені» жобасын іске асыру шеңберінде «Антарес А» ҚҚ ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру