Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері ардагерге көмектесті

ШҚО-да пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері ардагерге шаруашылық бойынша көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі әскер ардагері Бекен Байдәулетов ОВ 156/16 мекемесінің әкімшілігіне өнім жинауға көмек сұрап жүгінді. ОВ 156/16 мекемесінің өкілдері қарт зейнеткерге бақта картоп қазуға көмектесті, сонымен қатар, оның үйіне кіреберістегі аумақты ретке келтірді.

ОВ 156/16 колониясының офицерлері мен сержанттары ата-әжелерге үнемі барып тұрады, оларға үй шаруашылығына көмектеседі, аумақты тазартады, арбалар мен орындықтарды жөндейді.

81 жастағы Бекен Байдәулетов 30 жылдан астам қызмет еткен. Ардагер өзінің еңбек жолын 14 жасынан бастаған. Пенитенциарлық жүйенің ардагері тыңды алғашқылардың бірі болып игергенін мақтан тұтады.

Қазіргі уақытта Бекен Ақанұлы жалғыз тұрады, өйткені жұбайы екі жыл бұрын қайтыс болған. Жаны қартаймайтын зейнеткер үй мен баққа күтім жасауды өз бетінше жүргізеді.

– Балалар үнемі келіп, үй шаруашылығына көмектеседі, қызмет туралы өз әңгімелерімен бөліседі. Балалардың Отан алдындағы борышын өтеуге үлгеріп, бізді ұмытпағаны қуантады, – деді ардагер Бекен Байдәулетов.

Осындай жағдайларды ескере отырып, ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері өз ардагерлерін қолдайды және қиын жағдайда оларға мүмкіндігінше көмектесуге дайын.

– Біз ардагерлерімізбен, зейнеткерлерімізбен әрдайым байланыстамыз. Оларға қандай көмек қажет екенін үнемі білеміз. Біздің аға жолдастарымыз әрқашан мекеме қызметкерлеріне сене алады, өйткені олар – өтіп бара жатқан ұрпақтың өкілдері, куәгерлер және біздің қызметіміздің тарихын сақтаушылар, – деді ОВ-156/16 мекемесі бастығының орынбасары Нұрым Баяхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру