Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер сотталғандар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жамбылдық полицейлер сотталғандар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, №158/2 УЖД қылмыстық және есірткіге қарсы заңнаманың “Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы”, “Синтетикалық есірткінің жаңа түрлері туралы” жаңа толықтырулары бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетті. Шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.

– Әңгіме барысында синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелер сөз болды. 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық- процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер, толықтырулар, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары талқыланды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.А. Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру