Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда орта білім беретін мектептердің бейнекамералары ПД-нің Жедел басқару орталығымен қосылады

Жамбылда орта білім беретін мектептердің бейнекамералары ПД-нің Жедел басқару орталығымен қосылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша ел Президентінің Қазақстанды цифрландыруды одан әрі дамыту туралы Жолдауын орындау аясында Полиция департаментінде облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібековтің облыс Полиция департаментінің басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды.

Облыс Полиция департаментінің бастығы полиция Жанат Сүлейменов облыс әкімінің орынбасарымен бірге Жедел басқару орталығында болып, қаланың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі ЖБО бейнебақылау жүйесін бейнеқабырғаға шығару бойынша “Транстелеком” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пилоттық жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Аталған техникалық бағдарлама қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту мақсатында орнатылған және оқу орындары аумағындағы жағдайға бейнебақылауды жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру