Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

Таразда велосипед ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда полиция қызметкерлері велосипед ұрлағаны үшін 28 жастағы ер адамды ұстады. Ол шағын аудандардың бірінің тұрғыны екені анықталды. Тергеу барысында қаскүнем таңертең көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында велосипедтің қараусыз қалғанын біліп, ұрлыққа түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның басқа да ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру