Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сауда өкілі жұмыс берушісінің 2 млн теңгеге жуық қаржысын иемденіп кетті

ШҚО-да сауда өкілі жұмыс берушісінің 2 миллион теңгеге жуық қаржысын иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының соңында Глубокое АПБ-ге аудандағы ЖШС  бірінің директорынан арыз келіп түсті. Ол қоластында істейтін 28 жастағы ЖШС сауда өкілі 2021 жылғы 10-20 маусым аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Глубокое ауданының аумағында орналасқан дүкендерде кәсіпорын өнімдері үшін төлем жинағаны және жиналған ақшалай қаражатты өз қалтасына басқанын айтқан. Шығын сомасы 1 900 000 теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру