Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатылды

Шығыс Қазақстан облысында сотталған ер адам үлгілі мінез-құлқы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

44 жастағы облыс орталығының тұрғыны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырды деген айыппен сотталған.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам екі жыл бойы аймақтық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде тауарларды жеткізетін экспедитор болып жұмыс істеп, сыра бөшкелерін сатқан. Айналымдағы бөшкелерді түгендеу жүргізілгеннен кейін мекемеге 9,4 миллион теңгеге жуық залал келтірілгендігі анықталған.

Алдын ала келісім бойынша сыбайластарымен сөз байласқан ол ұрланған заттарды металл қабылдағышқа тапсырған. Жалпы алғанда шамамен 320 кег-бөшке тапсырған. Түскен табысты өзара бөлген.

Өскемен қаласының №2 сотының 2018 жылғы үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотталды. Мүлкін тәркілеумен жеті жылға бас бостандығынан айырылып, ҚР ҚК 63-бабы негізінде жазасы шартты  деп танылды.

– Сотталған жігіт Өскемен қалалық пробация қызметінің бақылауында жеті жыл болуы керек еді, алайда ол өзін жақсы жағынан көрсетіп, қателігін түсінді. Жаза өтеу мерзімінде сотталған жігіт тарапынан қайталама құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Сондай-ақ, пробация қызметінің тәртібін бұзған жоқ. Белгіленген талаптарды мұқият орындады. Сот шешімімен сотталған жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылды, – деп қорытындылады Өскемен қаласы пробация қызметінің бастығы Мақсат Манарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру