Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тазалыққа бақылау күшейді: мыңдаған заң бұзушылық тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы өңірде тәртіп орнату бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Негізгі мақсат — тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар қоғамда қоршаған ортаны ластаудың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілік" мәдениетін қалыптастыру, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта көшелер мен аула аумақтарының тазалығын қоқыс алаңдары мен қауіпті аймақтарға бағытталған 135 бейнебақылау камерасы қадағалап тұр. Олардың көмегімен биылдың өзінде мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. Техникалық құралдар кез келген ластау фактілерін — белгіленбеген жерге тасталған пакеттерден бастап, құрылыс қалдықтарын үйіп тастауға дейінгі әрекеттерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Өңірде тәртіпті сақтау үшін күнделікті режимде 16 мобильді топ жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Абаттандыру саласында 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тоқтатылды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, анықталған 344 стихиялық қоқыс үйіндісінің 308-і жойылды. Жыл басынан бері облыс полицейлері қоғамдық орындарды ластаудың 2 530 фактісінің жолын кесті.

Айта кететін жайт, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін тек азаматтар ғана емес, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың мекенжайына аумақтардың қоқысқа толуына ықпал ететін себептерді тез арада жою туралы 353 ұйғарым берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру